Voices of Radiation Victims in Semey




Қазақстан Республикасы



КСРО заманында Қазақстан аумағында 1949 жылы 29 тамыз айынан 1989 жылы 19 қазанға дейін атом бомбалары сынақтан өтті. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Полигонның ені 18,400 километрға дейін жетті.
1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылды. Осы сынқтар өтіп жатқан 40 жылдың ішінде радиацияның жоғары мөлшерінен зардап шеккен адамдардың саны бір жарым миллионнан асты. Полигонның жабылуынан 20 жыл өткенімен, әртүрлі ауырлардан қиналатын адамдарының саны көп.


Voices of Radiation Victims in Dolon Village on August 31, 2012
2012 жылдың жазында CANVaS группасы Қазастанға жасаған сапар кезінде қазақ жастарымен бірге Долонь ауылына барды. Семей мен Долоньның арасы - 75 километр, көлікпен барғанда 1 сағат 40 минут уақыттың ішінде жетуге болады. Долоньда тұратын адам саны, шамасымен, 500 адам.
Долоньда жергілікті ауруханаға барып, олар Гүлнара Рустемова дәрігермен кездесті. Сынақтар өткен жер ауылдан 45 километр аралықта орналысады. Гүлнар Рүстемованың айтуынша, жасы 50ден артық адамдарының бәрі радиациялық әсерінен ауруға ұшырып жатыр. Ауруханаға келген үш емделуші өз әңгімелерімен бөлісті.


Шамарбаева Шолпан


(75 year-old woman)
Шамарбаева Шолпан Долонь ауылында туып, сынақтар өткен кезде аспанға көтерген бұлтты қаншама рет көрген. Сынақтар өткен кезде үйлердің қабырғалары қиратылу мүмкіндігі бар болғандықтан, әскери қызметкерлерінен далаға шығу бұйрығы келген болатын. Бірақ содан кейін әскери қызметкерлерінен келесі сынақ қашан өтетіндігі туралы ақпарат алуы мүмкін емес болды.
Шамарбаева Шолпанға сүт бездер ракқа қарсы 1995 жылы және 2000 жылы екі рет операция тегін жасалды. Әр ай сайын 10800 тенге өтемін алады, бірақ, дәрілерінің құны жоғары болғандықтан, ол жеткілікті деп айту қиын. Сонымен бірге 30000 тенгеден тұратын зейнетақы алып, оның балалары да көмек көрсетуде. 2002 жылы оның күйеуі өкпе рагынан қайтыс болды.
Атом электр станциясының салуына қалай қарайсыз деп сұрағанда, балаларының қауіпсіздігін ойлап, оның қолдауына қарсы болатынын айтқан. Басқа адамдардың осындай ауруға шалдықпағасы келіп тұр деп айтты.
31 тамыз 2013 жыл


Смағұлова Мағза


(67 year-old woman)
Смағұлова Мағза 5 жасында алғашқы рет жарылысты көрді. Сынақтар өткен кезде балалардың барлығы үлкен бір үйде жиналған еді. Бірақ, үйдің іші қатты селкелгенінен балалар қорққандықтан, далаға жүгіріп шыққан еді. Сол кезде бала болған Мағза жарылысты қатты қызығушылықпен қарайтынын ол есіне түсіреді.
Мағза Долоньға көшіп келгені 51 жыл бұрын болды. 46 жасында гипертонияға шалдығып, 2011 жылы оған операция жасалды. Күйеуі өкпе рагынан 2004 жылы қайтыс болды. Әр ай сайын 15000 тенге мемлекеттен жәрдем алып, 30000 тенге зейнетақы алады. Осы жәрдем құны жеткілікті не жеткіліксіз ба деп сұрағанда, балалары әрқашан көметкескендіктен, ол туралы ойлап көрген жоқпын деп жауап берген екен.
Атом электр станцияның салынуы туралы не ойласыз деген сұрақ қойылғанда, балаларының денсауылығына әсер тигізетіні туралы уйымдап, оның керегі мүлдем жоқ деп жауап берген. КСРО бастаған ядролық сынақтар туралы не ойлағаны туралы сұрағанда, ондайды кешіру мүмкін болу емес екені анық көрінді.
31 тамыз 2013 жыл


Пржевальская Надежда


(77 year-old woman)
Пржевальская Надежда 30 жасында Долонь ауылына қызмет бабымен келіп қоныстанады. Сол уақыттан бері ол талай рет ядролық бұлттарды көрген. Сынақтар барысында сілкініс себебінен ғимаратта қалу өте қауіпті болғандықтан, әскерилер адамдарға үйлерінен сыртқа шығуға бұйыратын. Жарылысқа қарауға тыйым салынатын, алайда қызығушылық себебінен Надежда бірнешеуін бақылаған еді. Ол, сынақтар аяқталғаннан кейін, қой мен жылқылардың жүндері түсе бастағанын, тіпті кейбіреулерінің өле бастағанын байқаған.
Надежданың тістері 36 жасынан түсе бастады, және қазір тек 2-уі ғана қалды. Осыған ұқсас проблемалар ауылдың Надеждаға жасы шамалас басқа адамдарында да кездесуде. 1999 жылы ол жұбайынан айрылды. Айналасындағылардың көбісі ісік ауруынан қайтыс бола бастағандықтан, ол өзіне “болашақта мені не күтіп тұр?” деп, сұрақ қояды.
Надежда мемлекеттен өтемақы ретінде 30, 000 теңге алады. Алайда бұл қаражат керекті дәрі-дәрмек сатып алуға жетпейді. Қазіргі уақытта оған екі қызы бірқатар көмек көрсетуде. Бұл Надежданың ядролық сынақтар салдары туралы алғаш айтуы. Оның айтуы бойынша, Жапония жастарының ядролық полигонның құрбандарын, зардап шеккендерді әлемге таныту ықыласы оған қатты ұнады.
31 тамыз 2013 жыл


The response from Dr. Rustemova Gulnara (in Dolon, on August 31, 2012)


Dr. Rustemova Gulnara


the health clinic in Dolon village

Дәрігер Рустемова Гульнарның айтуынша, үлкен мөлшерлі радиацияның әсерінен Долоньда қазіргі уақытта емделушілердің арасында жүрек-қан тамыр аурулары, қан қысылымының бұзылуы, онкологиялық аурулар, әсіресе өкпе рагы көп кездеседі. Оған қоса, адамдар арасында тіс аурулары көп кездеседі, және де көбісі психикалық ауруларға шалыққан. Полигоннан зардап шеккендердің, олардың балалары немесе немерелерінің арасында көптеген өзіне өзі қол жұмсау оқиғалары белгілі. Әсіресе, еш себепсіз өзін өзі өлтіру оқиғалары жиі кездесуде. Осындай жағдайлар радиацияның адам психикасына әсерін көрсетеді.
Долонь ауруханасында екі медбике және дәрігер Рустемова Гульнар ғана жұмыс істейді. Олардың қарамағына тағы үш ауыл кіреді (Черемушка, Будене, Мостик). Долоньда медициналық жабдықтардың жоқ болуы себебінен, жедел ем керек емделушілерге жарты сағаттық қашықтықтағы Бесқарағай елді-мекеніне бару қажет. Алайда қызмет машинасының жоқ болуына байланысты, емделушілер, такси жалдап, өз қаражатын төлеп, қажет жерге жетуде.
Мемлекеттің көмегімен 2012 жылдан бастап полигоннан зардап шеккендерге дәрі-дәрмектің кейбір түрі тегін беріле баста да, қымбат және сапалы дәрілер әлі де болса қол жетімді емес (Бесқарағай емханасында алғашқы он күн дәрілер тегін және көлігі барларға бензин тегін беріледі).
Бүкіл әлемнің жастары бейбітшілік мәселесін талқылауын, осы мақсатта әрекеттерін тоқтатпаса екен, дейді дәрігер Рустемова Гульнар.